28 маусымда Иран Израильмен болған 12 күндік қақтығыста қаза тапқан 60-қа жуық әскерилер мен ядролық ғалымдарды жерледі. Иран туы жабылған табыттарды Тегеранның орталық алаңынан алып жүрді. Әскерилер мен ғалымдарды соңғы сапарға шығарып салуға мыңдаған адам жиналды.
Жерленгендер арасында Иран қарулы күштерінің басшысы Мохаммад Бакери, Иранның ислам революциясы сақшылары корпусының 2019 жылдан бергі қолбасшысы генерал-майор Хоссейн Салами және Тегерандағы Азад университетінің ректоры, ядролық ғалым Мохаммад Мехди Техранчи бар бар.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Иран мен Израиль қақтығысы ушығып тұр. Жүздеген адам қаза тапты. Жағдайдың анық-қанығыИзраиль Тегеран уран өндірісін шамадан тыс арттырып, ядролық қару жасап жатыр деп мәлімдеп, 13 маусымда Иранның ядролық нысандарына соққы жасап, ядролық бағдарламаға қатысы бар делінген ғалымдарды және режимнің әскерилерін өлтірген. Кейін Иран да жауап ретінде Израильге ракеталармен шабуылдаған.
22 маусымда АҚШ Иранның ядролық нысандарына шабуылдап, соққы жасаған. 24 маусымда АҚШ президенті Дональд Трамп Иран мен Израиль атысты тоқтатқанын мәлімдеген.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Иран мен Израиль атысты тоқтатуға келісті, Трамп бітім шартын бұзбауды сұрады